Қоғам

Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын талқылайды

© Sputnik / Владислав ВодневПо дороге к озеру Кобейтуз
По дороге к озеру Кобейтуз - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" туралы заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы парламентке президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді.

Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Қоғам
"Антирекордқа жететіндей басымызға не күн туды?": депутат қандастар мәселесін көтерді
"Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу", - деді мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.

Ол аграрлық мәселелер комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.

13 наурызда мемлекет басшысы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады. Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланған.

Бұған дейін президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге заңды түрде тыйым салуды тапсырды.

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Жаңалықтар
0