НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймаққа кірді, Атырау облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" оралды.
Осылайша матрицаға сәйкес, өңірлер төмендегідей бөлінді:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облысы
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта – қалған өңірлер.