Қоғам

Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевСилуэт человека в тумане
Силуэт человека в тумане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Синоптиктер бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде қалың тұман түсіп, жел екпіні күшейеді деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті өңірде дабылды ескерту жариялады.

16 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-ке жетеді.

16-19 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде – 15-20 м/с. Тараз қаласында 16-19 наурызда кей уақытта тұман түседі.

"Қар жаумаса да белгі береді": наурызда болатын табиғи құбылыстар

16 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында 16 наурызда кей уақытта тұман түседі.

16 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

16 наурызда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 17-22 м/с болады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

16 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші –15-20 м/с.

16 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0