Қоғам

Наурыз мерекесі қарсаңында пойыздың қосымша рейстері жолға шығады

© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы"Пассажирский поезд на вокзале "Нурлы жол"
Пассажирский поезд на вокзале Нурлы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Карантин режиміне байланысты жолаушылар вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Мереке күндері "Нұр-Сұлтан - 1-Шымкент" бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері жолға шығады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Мереке күндері жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалды:

  • Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 2021ж. 19, 22, 26 наурызда жөнелтіледі;
  • Шымкент стансасынан 2021ж. 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы билетті онлайн рәсімдеуді сұрайды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін "Күту парағы" функционалын пайдалана отырып сатып алуға болады.

Еске сала кетсек, карантин режиміне байланысты жолаушылар вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін сақтауы тиіс.

Жаңалықтар
0