Қоғам

Министр өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға төленетін көтерме ақы туралы айтты

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Қызметкерлер тұрғын үй төлемін "Отбасы банкте" кредитті өтеуге жұмсай алады. Осылайша баспана олардың меншігіне өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстандық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жеңілдіктеріне ие болады. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай бастама көтерді.

Ведомство басшысы Юрий Ильин Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында қазір қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет енгізу мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

"Біздің қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет қорғаныс министрлігінің құрылымындағыдай болады. Яғни, жігіттер баспанаға көтерме ақы алу үшін. Бұл қызметкерлерге тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Біз жақында "Отбасы банктің" басшылығымен кездестік, олар қолданыстағы бағдарламалардың ережелерін түсіндіруге дайын", - деді министр.

Сондай-ақ, елордалық құтқарушылар кейін сатып алу құқығымен арендалық тұрғын үй алушылардың тізіміне қосылды.

Бұдан бөлек, Юрий Ильин соңғы екі жыл бойы ел басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. Атап айтқанда, екі жыл ішінде төмен буынның жалақысы 65 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өсті. Алдағы үш жылда ТЖМ қызметкерлерінің айлығын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына тұрғын үй төлемі сақталатын болды

2018 жылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (қазір "Отбасы банк") әскери қызметшілерге арналған "Әскери баспана" бағдарламасын (кредит жылдық 8%-пен) іске қосты. 2020 жылы ипотека шарттарына өзгеріс енгізілді. Тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметшілер ақшаны жалға алған үйге емес, өз баспанасының кредитін өтеуге жұмсай алады.

Қазір мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін жеті ведомствоның қызметкерлері алады: ҰҚК, қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ кейбір қызметкерлері, әскери прокуратура мен "Сырбар" сыртқы барлау қызметкерлері.

Жаңалықтар
0