Қоғам

Тоқаев Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновті құттықтады

© Photo : Из личного архиваИманбек Зейкенов работает сигналистом на железной дороге, меняет и убирает тормозные башмаки. В свободное время создает хиты на своем ноутбуке
Иманбек Зейкенов работает сигналистом на железной дороге, меняет и убирает тормозные башмаки. В свободное время создает хиты на своем ноутбуке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Президент қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілгені жайлы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президент музыкант Иманбек Зейкеновтің Grammy музыкалық сыйлығын алғаны туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдағанын жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілгені жайлы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды

Президенттің баспасөз хатшысы мемлекет басшысы атынан Иманбекті жарқын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.ъ

Айта кетейік, қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды.

"Музыканттың карьерасындағы ең тамаша жетістік – Grammy жеңіп алу, біз оған қол жеткіздік!", - деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында тұратын Иманбек Зейкенов бұған дейін теміржолда жұмыс істеді. Бала күнінен музыкамен әуестенген, әкесі гитара тартуды үйреткен.

Иманбек SAINt JHN орындайтын Roses әніне ремикс жасағаннан кейін танымал болды. Ремикс YouTube желісінде 234 миллионнан астам қаралым жинады.

Жаңалықтар
0