Қоғам

"Халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың": Димаш Иманбекті жеңісімен құттықтады

Жазылу
Ақсу қаласында тұратын қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Димаш Құдайберген қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновті "Грэмми" сыйлығын жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жыл бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса, сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды.

"Музыканттың карьерасындағы ең тамаша жетістік – Grammy жеңіп алу, біз оған қол жеткіздік!", - деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында тұратын Иманбек Зейкенов бұған дейін теміржолда жұмыс істеді. Бала күнінен музыкамен әуестенген, әкесі гитара тартуды үйреткен.

Иманбек SAINt JHN орындайтын Roses әніне ремикс жасағаннан кейін танымал болды. Ремикс YouTube желісінде 234 миллионнан астам қаралым жинады.

Жаңалықтар
0