Қоғам

"Атасы немересін аяусыз ұрған": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневТерезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қолданыстағы заңда мұндай әрекеті үшін кінәліге жаза ретінде ескерту беріледі, я болмаса 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі баланы ұрған ер адамның видеосын жариялады. Оның айтуынша, атасы өз немересін соққыға жыққан. Алматы қалалық полиция департаменті осы ақпаратты растады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның баланы ұрып жатқанын анық көруге болады. "Аузыңды жабасың ба? Жоқ па?", – дейді ол. Бала көмекке шақырып: "Құтқарыңдар! Жедел жәрдемді шақырыңдар! Көзім ашып тұр!", – деп айқайлайды. Арғы жағында әйелдің дауысы да естіледі. Ол баладан неге айқайлағанын сұрайды.

Қалалалық полиция департаменті осы оқиғаның 15 ақпанда болғанын хабарлады. Бірақ баланың анасы тек 6 наурызда ғана Түрксіб аудандық полиция басқармасына арыз түсірген. Әйел күйеуімен ажырасқанын және үш баласымен бірге ата-анасының үйінде тұрғанын жазған. Ал видеодағы ер адам – оның туған әкесі. Ол он жастағы немересін ұрған.

"Арызда көрсетілген мекенжайға шұғыл тергеу тобы – аудандық инспекторлар және ювеналды полиция басқармасының мамандары барды. Сол жерде ер адамның қалалық наркологиялық диспансерде мәжбүрлеп емдеуде жүргені де анықталды", – дейді полицейлер.

Құқық қорғаушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша хаттама толтырды. Осы бапқа сәйкес, ескерту беріледі, я болмаса 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: "Әрбір бала үшін 4,2 млн теңге": депутаттар үкіметке ұсыныс жолдады

Бала жеңіл жарақат алған. Қазіргі кезде барлық материал Алматы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Жақын арада соттың шешімі шығады. Ал үш баланың анасы туыстарының үйіне көшіп кеткен.

Жаңалықтар
0