Қоғам

Сенат төрағасы 1 шілдеден бастап қандай өзгеріс енгізілетінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Верховного Суда Казахстана
Здание Верховного Суда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сот жүйесі жабық жүйе болмауы керек екенін айтқан еді

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Сенат сот жүйесін жетілдіруді көздейтін бірнеше заң қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сот жүйесі жабық жүйе болмауы керек екенін айтқан еді. Соған байланысты сот корпусын едәуір жаңарту және оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту қажеттігіне назар аударды. Бүгін конституциялық заңға енгізілген түзетулер осы міндетті орындау мақсатымен қолға алынып отыр", - - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі жалпы отырыста. 

Оның айтуынша, енді президенттің ұсынысымен білікті мамандарды Жоғарғы сот құрамына тарту мүмкіндігі кеңейтіледі.

"Биыл 1 шілдеден бастап елімізде әкімшілік юстиция институты өз жұмысын бастайды. Соның аясында азаматтардың құқығын қосымша қорғайтын жаңа кепілдіктер мен тетіктер қолға алынады. Осы институттың әлеуетін толықтай қолдану үшін Жоғарғы Сотта жаңа әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады. Осы заңдар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және оның тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз", – деді Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін сенаторлар үш бірдей заңды екі оқылымда қабылдады. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Негізгі мақсат - сот жүйесін жетілдіру.

Жаңалықтар
0