14:15 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
73 0 0

Егер студент денсаулық жағдайына байланысты оқудан шығып кетсе немесе мемлекеттік грантқа ие болса, ол өз оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім беру кредитін тағайындау және орналастыру ережесін жаппай талқылау үшін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұл ереже жоғары білім ақысын төлеуге арналған мемлекеттік кредитті тағайындау және орналастыру тәртібін қарастыратын "Білім беру туралы" заңға сәйкес әзірленген. 

Ұсынылған ережелер бойынша мемлекеттік білім беру кредиті Бірыңғай ұлттық тест нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде тағайындалады. Конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құрған республикалық комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына мына мекемелердің өкілдері енуі тиіс: 

  • білім беру саласындағы уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органның өкілдері; 
  • азаматтық қоғам институттарының өкілдері; 
  • үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері; 
  • "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері; 
  • Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері; 
  • Жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің өкілдері. 

Конкурс кезінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаты (білім алатын тілде), сондай-ақ екі бейінді пән бойынша балл есептеледі. Егер шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламасы үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаты (білім алатын тілде) бойынша балл, сондай-ақ екі шығармашылық емтихан нәтижесі есептеледі. 

Кредит алуға арналған конкурсқа қатысу үшін жоғарғы немесе ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына еркін үлгіде өтініш жазып қалдыру керек. Өтінімдерді 5-10 тамыз аралығында қабылдайды. 

Мемлекеттік білім беру кредитін қазақстандықтарға теңге валютасында ұсынады. Қарыз алушы өзіне кепіл бола алатын азаматты көрсетуі тиіс. Алайда, жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға кредит кепілгерсіз беріледі. Кредитті он жылға дейінгі мерзімге алуға болады. 

Сенім артылған мекеме – агент арқылы мемлекеттік білім беруді кредиттеу жүргізіледі. Ол сенімді агентті білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурстық негізде анықтайды. 

Қарыз алушы мен сенімді өкіл арасында шарт жасалып, құжатта оқуға арналған кредит көлемі, кредитті беру және оны өтеу мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, тараптардың міндеті қарастырылады. 

Кәмелет жасына толмаған қарыз алушылар ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен кредиттік шарт жасасады. 

Егер студент денсаулық жағдайына байланысты оқудан шығып кетсе немесе мемлекеттік грантқа ие болса, ол өз оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс болады. Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда кредит бойынша талаптардың күші жойылады. Егер қарыз алушы оқуды аяқтаған соң әскерге кетсе немесе оқуын одан әрі жалғастырмақ болса, онда кредитті өтеу мерзімі уақытша тоқтатылады.

Тақырып бойынша

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды
"Құпия емес": сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
Тоқаев жаңа грант тағайындауды ұсынды
ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты
"Ұялудың еш қажеті жоқ": министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты
Кілт сөздер:
кредит, мемлекет, студент
Загрузка...

Басты тақырып