Қоғам

Алматыда мұғалімдер мен полицейлерді коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

© AFP 2024 / ERIKA SANTELICESВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Қалықованың айтуынша, алматылықтар инфекцияны қоғамдық көлік пен отбасындағы науқас адаммен қарым-қатынас кезінде, сауда нысандарында және базарларда жұқтырады

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Алматыда мұғалімдер мен полицейлерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұғалімдер мен полицейлерді коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Мұғалімдерге кешеден бері вакцина салынып жатыр. Бір күнде 20 мұғалімге салынды. Бұл жұмыс кеше басталғанын ескеру қажет. Ал полиция департаментінің 50 қызметкеріне вакцина егілді", – деді Қалықова.

Сондай-ақ, Әсел Қалықова қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Наурыз мейрамын тойлауға қатысты ойын айтты.

"Кез келген мерекеде қарым-қатынас пен байланыс артады. Өткен мерекелер де жағдайдың нашарлауына әсер етті. Бүгін Алматы эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа өтті. Сол себепті шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шараларға бағытталған бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы қабылданады", – деді Қалықова.

Айтуынша, шектеу шаралары Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді

Айта кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Екі қалада бір күнде жүзден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қалықованың сөзінше, алматылықтар инфекцияны қоғамдық көлік пен отбасындағы науқас адаммен қарым-қатынас кезінде, сауда нысандарында және базарларда жұқтырады.

Жаңалықтар
0