10:26 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (78)
8091 0 0

Қор өкілдерінің айтуынша, зейнетақы төлемін есептеуде бір ғана шарт емес, кейбір тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті де қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесінің өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері үкімет қаулысымен анықталады. Оған сәйкес, бір айлық төлемнің көлемі зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігін құрайды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен кем болмауы тиіс.

Ал 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді. Атап айтқанда, алдымен зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын жинақтың мөлшерлемесіне көбейтеді. Одан кейін 12 айға бөледі. Осылайша, бір айлық төлемнің мөлшері шығарады.

"Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін 5 процентке индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады", – дейді қор мамандары.

Осы орайда олар нақты мысалды да келтірді. Мәселен, зейнетақы жинақтарының сомасы 6 000 0000 теңге болып тұр. 1 сәуірден бастап алғашқы жылдың зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге болады. Ал ай сайынғы ай сайынғы төлемінің мөлшері (390 000/12 ай) 32 500 теңге болады. Екінші жылда оның көлемі 5 процентке өседі де, 34 125 теңгеге дейін көтеріледі.

"Бұдан бөлек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген", – делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: "100 мың теңге жоғалтасыз": зейнетақы қоры ескерту жасады

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (78)

Тақырып бойынша

Маман ЭКО жасатуға зейнетақы ақшасын алуға тыйым салу себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын пайдалану: емделуге өтінім қабылдау мерзімі аталды
Әртістер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы: не істеймін оны
Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек
Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: қалай табыс алуға болады
Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады – қысқаша нұсқаулық
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып