Қоғам

Қазақстан ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін 2 млн теңге төлейді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайында жолаушыларды тексеру
Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2021
Жазылу
Сенбі күні ел аумағына 307 азамат анықтамасыз келді, қазір олар коронавирусқа тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. 6 наурызда Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазақстан аумағына 2 561 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 2 254 адамның теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. 307 азамат анықтамасыз келген. Олар COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет жарияланды

Бұған дейін 3 наурыздан бір ПТР-тестке мемлекеттік зертханалар жеті мың теңге (17 долларға жуық) жұмсайтыны хабарланған еді. Бұл бағаға қонақ үй мен тамақтандыру төлемі кірмейді.

307 жолаушы үшін билік 2 149 000 теңге төлейді.

5 наурызда шет елдерден 316 қазақстандық анықтамасыз ұшып келді. Барлығында ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.

Жаңалықтар
0