22:18 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9208 0 0

Опера әншісі Мария Мудряк жолда өзіне көмек көрсеткен жанашыр қазақстандықтарға ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Белгілі опера әншісі Мария Мудряк Павлодарға бара жатқанда жол апатына түсті. Бұл туралы әртіс Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Әншінің айтуынша, апатқа көктайғақ себеп болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maria Mudryak (@maria_mudryak)

"Біз Павлодарға үйге бара жатқан едік, көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті... Құдай сақтап, аман қалдық. Жолшыбай кетіп бара жатқан көліктердің бәрі тоқтады, 15 адам жабылып жүріп бізді шығарып алды", - деп жазды Мудряк. 

Әнші өзіне қол ұшын созған жанашыр жандарға алғысын айтып, видео жариялады.

Желі қолданушылары әртіске денсаулық тіледі.

Мария Мудряк – Қазақстанның танымал опера әншісі. Аты аңызға айналған әнші Марчелла Поббе атындағы сыйлықпен марапатталған.

Кілт сөздер:
жол апаты, әнші
Загрузка...

Басты тақырып