Қоғам

Қазақстанда алғаш компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

© Photo : Pixabay / councilcleРука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындаға компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.

Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұлттық тестілеу орталығы (@testcenterkz)

Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.

Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.

Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.

Жаңалықтар
0