Қоғам

Таразда облыс әкімдігінің қызметкері сотталды

CC0 / Free-Photos / Қол қойып жатқан сәт, иллюстративті фото
Қол қойып жатқан сәт, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, жыл басынан бері 120 адам сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Тараз қаласында облыстық әкімдік қызметкері үш жарым жылға сотталды. Ол нақты жұмыстар атқарылмаса да, тиісті құжаттарға қол қойған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сәйкес, Тараз қаласының №2 соты Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Шыршынбаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Ол "Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай ауданындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген нысандарында қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" нысаны бойынша орындалмаған жұмыстар үшін қабылдау актілеріне қол қойған.

"Осы ісімен ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктеліп, мұндай әрекетімен мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген", – деді аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаров.

Бұдан бөлек, Талдықорған қалалық сотының үкімімен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысы Телеубаев 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 400 мың теңгенің парасын алды.

Оқи отырыңыз: "Ондай жағдай болған жоқ": Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Жалпы биыл екі айдың ішінде 120 адам сотталды. Олардың ішінде пара алған, пара берген, алаяқтық пен ұрлық жасаған, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған адамдар бар. Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.

Жаңалықтар
0