17:40 10 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1623400

Сарапшы парольдер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. "Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін айтты, деп хабарлады РИА Новости.    

Сонымен, телефоннан парольдер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек, деді ол.

Телефондағы фотоны біржола жою үшін не істеу керек – сарапшы кеңесі

Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтарын және уақытша парольдерді де жою қажет.

Сондай-ақ, қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді.

"Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады", - деп ескертті сарапшы.

Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын парольдер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі мүмкін.

Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға, телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.  

Тақырып бойынша

Әлеуметтік желіде құпия хабарламаны қалай жіберу керек – маман кеңесі
Сарапшы қандай жағдайда смартфоннан деректер ұрлану қаупі жоғары екенін айтты
Маман неліктен экраны үлкен телефоннан бас тарту қажеттігін түсіндірді
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Кілт сөздер:
хабарлама, телефон
Загрузка...

Басты тақырып