Қоғам

Бір тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы 216 467 адам коронавирус жұқтырды, 2 791 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 8 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Сонымен қатар өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, 44 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды 

5 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 882 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 226 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда пандемия басталғалы 216 467 адам коронавирус жұқтырды, 2 791 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 49 462 адам пневмонияға шалдықты, 635 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0