Қоғам

Он бір банк қазақстандықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевОчереди у отделений банков в Нур-Султане
Очереди у отделений банков в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Қаржы ұйымдары қазақстандықтарға алаяқтардың әрекетінен сақ болуы үшін бірнеше кеңес берді

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Kaspi.kz, "Сбербанк", Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банкі, Еуразия банкі және "Альфа-Банк Қазақстан"  алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

БАҚ-та жарияланған хатта алаяқтықтың бірнеше әдісі келтірілген.

"Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырады. Олар күдікті операция орындалып жатқанын айтып, клиент шотынан ақша аудару үшін деректерді сұрайды. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды сұрайды, жаңа құпиясөз бен SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айту керек дейді", - деп хабарлады банк.

Сол деректерді пайдаланып, алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып алады немесе оның атынан ақшалай кредит рәсімдейді. Хабарласып, клиент шотынан ақша ұрлануы мүмкін екенін айтады. Шұғыл "сақтандыру агентіне", "сақтандыру ұяшығына" ақша аудару қажет дейді. Олар әртүрлі оқиға ойлап табуы мүмкін, бастысы клиент олар көрсеткен шотқа ақша аударғанын күтеді.

Кей жағдайда арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен алаяқтар банк нөмірінен немесе банк нөміріне ұқсайтын нөмірден хабарласады. Пошта немесе мессенджер арқылы қайырымдылық акциялары, бірегей қаржылық қызметтер, ұтыс ойындары туралы ақпарат жібереді.

Ол жерде жеке мәліметтерді енгізу қажет сілтемелер бар. Адам карта деректерін енгізген кезде алаяқтар ақша шешіп алады. Сондай-ақ, сілтемеде сіздің қосымшаңызға кіруге мүмкіндік беретін вирус болуы мүмкін.

Хабарласып, жеке кабинетіңізге біреудің кіруге тырысып жатқанын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымшаны жүктеуді ұсынады. Ал шын мәнінде ол алаяқтарға телефон ішіне кіруге мүмкіндік береді. Содан кейін олар клиент атынан қоңырау шалып, қаржылық операциялар орындайды.

"Естеріңізде болса, алаяқтар адамды қорқытып, ақшаны тез арада беруге мәжбүрлейді. Ойлануға, жағдайды түсінуге мүмкіндік бермейді. Өзіңізді қорқытуға жол бермеңіз, абай болыңыз!",- деді қазақстандықтарға банктегілер.

Банк атынан хабарласса, не істеу керек

Алаяқпен сөйлеспеңіз. Тұтқаны қоя салыңыз.

Шоттағы ақшаның орнында тұрғанын тексеріңіз.

Сұрақтар болса, банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.

Ешкімге мобильді қосымшадағы немесе интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің құпиясөзін; карта реквизиттері: нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC-кодын (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код) айтпаңыз. Операцияны растау үшін SMS-код: төлем, аударым және т. б. айтпаңыз.

"Банк қызметкері мұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды. Мұны тек алаяқтар жасайды", - дейді мамандар.

Бейтаныс адам мобильді қосымшаны орнатуы сұраса, келіспеңіз.

Сілтемені баспаңыз. Тіпті хабарлама белгілі банк немесе компания атынан келсе де, сілтеме бойынша өтпеңіз. Сілтемені басу арқылы алаяқтарға банк шотынан ақша ұрлауға көмектесетін компьютерлік вирусты істе қосады.

Жеке деректер мен сауалнаманы толтырмаңыз. Егер сілтеме арқылы өтсеңіз де, ешқашан анкетаны толтырмаңыз, сауалнамаларға қатыспаңыз, өзіңіз жайлы ақпарат қалдырмаңыз.

Акция мен лотереялар туралы ақпаратты банктердің ресми сайтын немесе әлеуметтік желілердегі парақшасынан оқыңыз.

Жаңалықтар
0