Қоғам

Астаналық әйелдер 9 күн әкімдік ғимаратында түнеді – қандай талап қойып отыр

© Sputnik / Айгюзель КадирМногодетные матери ночевали в здании акимата Нур-Султана
Многодетные матери ночевали в здании акимата Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Әйелдердің бір тобы тұрғын үй мәселесін шешуді талап етсе, енді бір топ мүгедек баланың құжаты бойынша өзгерістерді талап етті

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Астаналық көпбалалы әйелдер Нұр-Сұлтан әкімдігі ғимаратына түнеген. Әйелдер Sputnik Қазақстан тілшісіне бірқатар талап қойып отырғанын айтты.

Жәрдемақы, тұрғын үй мен даулы заң жобасы

Жиналғандардың кейбірі Қазақстанда отбасындағы балалар санына қарамастан, әрбір балаға 42 500 теңгеден төлеу керек деп есептейді.

"Біріншіден, біз әр балаға 42 500 жәрдемақы талап етеміз. Мен көп балалы емеспін, мұнда ата-аналардың талабы айтылып жатыр. Одан кейін тұрғын үй мәселесі бар. Үшінші – отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң туралы: біз ол заңды түбегейлі алып тастағанын қалаймыз. Осы үш талабымыз бар. Осы жерде тоғыз күн түнедік. 10-15 адам осында болдық. Күндіз көбірек болды", - деді Назира есімді тұрғын Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ең өзекті мәселенің бірі – тұрғын үй, деп толықтырды ол.

"Тұрғын үйді кезек бойынша берсін, алайда көпбалалы болмаса да, жағдайы төмен отбасылар бар. Осы топқа кіретін отбасылар қандай да бір жолмен пәтер алуы керек қой, үйдің проценті болмау керек. Аз жалақы алып, олар пәтерге ақша жинай алмайды. Бұл мүмкін емес. Олар өмір бойы пәтер жалдап жүруі керек пе?"- деп ашуланды әйел.

© Sputnik / Айгюзель КадирЖиналғандардың кейбірі Қазақстанда отбасындағы балалар санына қарамастан, әрбір балаға 42 500 теңгеден төлеу керек деп есептейді
Астаналық әйелдер 9 күн әкімдік ғимаратында түнеді – қандай талап қойып отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жиналғандардың кейбірі Қазақстанда отбасындағы балалар санына қарамастан, әрбір балаға 42 500 теңгеден төлеу керек деп есептейді

Сондай-ақ, ол отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы шықты. Бұған дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

"Ол кері қайтарылмады, әлі қалқыланып жатыр. Олар пилоттық режимде жұмысты бастап жатыр. Бізге ауыл, өңірлерден ақпарат келуде. Біз қазір әкімдікте отырмыз, таңертең келдік. Нақты жауап алғанша кетпейтінімізді айттық. Біз туралы не айтса да, бәрібір. Екі жыл болды аналарға жала қауып, қаралайды. Оған үйреніп қалдық", - деді ол.

Мүгедек балалар анасының талабы

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар өз талаптарын қойды. Олар балалардың құжатында өздері ата-анасы емес, қамқоршысы ретінде көрсетілгенін айтты.

"Мен мүгедек бала тәрбиелеп отырмын. Біздің топ үш күннен бері әкімдікке келіп жүр. Бізде ерекшелігі бала тәрбиелеп отырғанымзды растайтын "көк кітапша" бар. Сол "көк кітапшада" бізді ата-ана ретінде емес, қамқоршы деп жазған.  Бала 18 жасқа толған соң үш сот арқылы тоғыз ай ішінде оның өз баламыз екенін дәлелдейміз", - деді Әсемгүл есімді әйел Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, осылайша, ата-аналар мен мүгедек балалардың құқығы шектеледі.

"Бірде мені жолда полиция қызметкері тоқтатты. Ол менен көлігімде неге мүгедек адам отырғанын көрсететін белгі бар екенін түсіндіруімді сұрады. Мен "көк кітапшаны" көрсеттім. Ол "сіз қамқоршысыз, ал маған ата-анасымын деп айтып тұрсыңыз" деді. Мен сотта баланың ата-анасы екенімді дәлелдеген жоқпын, бірақ таныстарымда сондай жағдай болған", - деп толықтырды ол.

© Sputnik / Айгюзель КадирМүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар өз талаптарын қойды. Олар балалардың құжатында өздері ата-анасы емес, қамқоршысы ретінде көрсетілгенін айтты
Астаналық әйелдер 9 күн әкімдік ғимаратында түнеді – қандай талап қойып отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар өз талаптарын қойды. Олар балалардың құжатында өздері ата-анасы емес, қамқоршысы ретінде көрсетілгенін айтты

Айтуынша, мүгедек балалардың ата-анасына әлеуметтік қызметкер мәртебесін беру қажет.

"Біз жұмысқа шыға алмаймыз, бізде еңбек өтілі мен зейнетақы жинағы жоқ", - деді ол.

Тағы бір талап – мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақыны электронды түрде емес, қолма-қол ақшамен төлеу.

"Тағы да көптеген тармақшалар бар. Мысалы, ата-аналарға арналған шипажайды ақылы етіп қойды, соның жойылғанын қалаймыз. Бізге көптеген мәселенің шешіліп жатқаны туралы айтады. Мұның тек сөз жүзінде екенін ескеріп, әкімдікте қалу керек деп есептедік", - деп толықтырды ол.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жауабы

Нұр-сұлтан әкімдігі ресми түсініктеме берді.

"Наразылық білдірген аналар тобы елорда әкімдігіне жиналып, бірқатар талап айтты. Олардың ішінде: кредитін қосымша жою, кезектен тыс пәтер беру, 1 миллион теңге көлемінде ақшалай төлем жасау. Белсенділердің мақсаты – басқа аналардың ойына жаңсақ пікір қалыптастыру және оларды адастыру. Мұндай заңсыз талаптар орындалмайды. Тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр, әлеуметтік пәтерлер тек кезек бойынша беріледі", - делінген қала әкімдігінің ресми жауабында.

Әкімдік жиналғандардың өзін агрессивті ұстағанын айтып өтті.

"Белсенділердің арасында бұрын заңға сәйкес және кезек бойынша пәтер алғандар бар. Сондай-ақ, келгендердің бәрі бірнеше рет қабылдауда, оның ішінде елорда әкімінің азаматтарды қабылдауында болған. Оның қорытындысы бойынша оларға заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілген. Бұл күндері наразылық білдіруші аналарға әкім орынбасарлары – Бақтияр Мәкен мен Нұрлан Нүркенов, басқарма басшылары қосымша түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді", - делінген жауапта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов аналармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады, заңнамалық актілердің нормаларын түсіндіргені хабарланды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек пен тегін қызмет көрсетіледі:

  • мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ай сайынғы жәрдемақы;
  • бала кезінен 1 топтағы мүгедектің күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы;
  • оңалтудың техникалық құралдарының, сондай-ақ санаторлық-курорттық емдеудің 55 түрін алу мүмкіндігі бар;
  • қалалық көлік, инватакси маршруттарында тегін жол жүру;
  • мүгедек адамдарға (I, II топтар) – тіс протездеу қызметтері;
  • бір реттік ақшалай төлемдер, қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек және т.б.

Sputnik Қазақстан еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналардың талаптарына түсініктеме беру туралы ресми сауал жолдады.

Жаңалықтар
0