Қоғам

Коронавирус кедергі емес: Қазақстан әскери ынтымақтастықты қалай нығайтып жатыр

© Photo : Минобороны КазахстанаОлжас Хусаинов
Олжас Хусаинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Ресейдегі әскери білім берудің ерекшеліктері қандай, Ливандағы БҰҰ миссиясындағы Қазақстан контингенті қашан ауысады, қай мемлекет Қазақстанға әскери мүлікті тегін ұсынып отыр - Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыздар

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері ондаған елмен әскери ынтымақтастыққа қол жеткізді. Көпвекторлы саясат, прагматизм және экономикалық мақсаттардың сәйкестік принциптері өзара әрекеттестік негізіне айналды.

Жалпы, Қазақстанның шет мемлекеттермен әскери ынтымақтастығы COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен жоқ, деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы полковник Олжас Құсайынов Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

- Халықаралық әскери ынтымақтастыққа коронавирус пандемиясы қалай әсер етті?

- COVID-19 пандемиясы барлығымызды жоспарларды қайта қарауға және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шектеулерді ескере отырып, олардың өзектілігін арттыруға мәжбүрледі. Бірқатар іс-шаралар кейінге қалдырылды, кездесулер мүмкіндігінше онлайн-режимге (бейнеконференция арқылы байланыс) ауыстырылды.

Сонымен бірге, 2020 жылы әлемдегі пандемия жағдайына қарамастан, әскери ынтымақтастық белсенділігін жойған жоқ. Қазақстан өз серіктестерімен барлық негізгі бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты негізде өзара іс-әрекеттерді алғастыра берді.

Өткен жылы Ресей мен Түркияның қорғаныс министрлері, армия генералдары Сергей Шойгу мен Хулуси Акар, сондай-ақ АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи ресми сапармен Қазақстанға келіп, әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Алғаш рет үш ұйым аясында 2020 жылдың 4 қыркүйегінде Мәскеуде ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қорғаныс ведомстволары басшыларының бірлескен отырысы өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бірлескен оқу-жаттығулар ауқымын кеңейту жөнінде бастама көтерді. Оның ішінде, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қарулы күштерді тарту мәселелерін пысықтау да бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен шеруге қатысты. Бұл салтанатты шарада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақ болды.

- 2020 жылы ҰҚШҰ аясында өтетін бірқатар оқу-жаттығулар тоқтатылды. Ал басқа шараларға Қазақстан Қарулы Күштері қысқартылған форматта қатысты. Ағымдағы жылы толық құраммен қатысу жоспарда бар ма?

- 2020 жылы пандемияны ескере отырып, Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері қысқартылған құрамда ҰҚШҰ аясындағы "Эшелон", "Мызғымас бауырластық", "Өзара іс-қимыл" бірлескен оқу-жаттығуларына қатысты.

© Photo : предоставлено пресс-службой Министерства обороны РКҰҚШҰ оқу-жаттығуы
Коронавирус кедергі емес: Қазақстан әскери ынтымақтастықты қалай нығайтып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
ҰҚШҰ оқу-жаттығуы

2021 жылы "Өзара іс-қимыл", "Эшелон" және "Іздеу" оқу-жаттығулары Тәжікстан Республикасында өтеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы толық құрамда қатысады. 2022 жылы бұл оқу-жаттығулар Қазақстанда өтеді.

Жалпы, Қазақстанның Қарулы Күштері ҰҚШҰ аясындағы бірлескен оқу-жаттығулар, жаттықтырулар өткізу тәжірибесін одан ары жалғастыруға мүдделі. Бұл ұжымдық қорғанысты тиімді қамтамасыз ету, коалициялық мүмкіндіктерді және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұжымдық жүйелерінің әлеуетін дамыту үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің жедел сәйкестігін арттыруға мүмкіндік береді.

- ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – кадрлар даярлау. Қазақстанның әскери қызметшілері қай елдерде және қандай бағыттарда білім ала алады?

- Жыл сайын тегін және жеңілдікпен оқу үшін әскери қызметшілер Ресей мен Беларусь елдерінің әскери оқу орындарына оқуға жіберіледі. Ресейдің әскери оқу орындарында біз қажеттіліктерге қарай Қарулы Күштердің барлық салалары үшін мамандар дайындаймыз. Мұның барлығы тегін.

- Қазақстан үшін Ресейдің әскери білімі не себепті басымдыққа ие?

- Әскери білім – жалпы Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі. Біз кадрларды даярлау саласындағы ағымдағы қажеттіліктерді ескере отырып, осы саладағы барлық ұсыныстарға ашықпыз. Шетелде оқу жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Ресейдің біліміне келетін болсақ, РФ мен Қазақстанның Қарулы Күштердің күнделікті тыныс-тіршілігін басқару жүйесі ұқсас және техника мен қару-жарақтың бірдей үлгілері бар. Сондықтан одан әрі қолданатын техника, қару-жарақпен оқып-үйренген дұрыс деп ойлаймын. Сол себепті Қазақстанның Қарулы Күштері Ресейде кадрлар даярлауды одан әрі жалғастыруға мүдделі.

Ресей - стратегиялық серіктес

- Қазақстан-Ресей ынтымақтастығына толығырақ тоқталсақ. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қандай?

- Бұл – әскери даярлық, әскери-техникалық ынтымақтастық, кадрлар даярлау. Әскери даярлық аясындағы ынтымақтастық екі елдің әскери құрамын екіжақты және көпжақты форматта өтетін түрлі бағыттағы оқу-жаттығуларға қатыстыруды қамтиды. Ресейлік әріптестерімен бірге штабтар деңгейінде және оқу-жаттығуларға, жиындарға, жаттықтыруларға тікелей қатысу кезінде әскери, жауынгерлік тапсырмалар пысықталады.

2021 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштері ресейлік әскери-теңіз флоттың күштерімен бірге тәжірибелік іс-қимылдарға қатысады.

© Photo : Официальный сайт Минобороны РКҚазақстанның әскери кемелері, архив
Коронавирус кедергі емес: Қазақстан әскери ынтымақтастықты қалай нығайтып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Қазақстанның әскери кемелері, архив

Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының келісімдері негізінде өтетін екіжақты іс-шаралардың форматы тұрақты кеңейтіліп жатыр. Жақында Әскери-теңіз күштері Каспийдегі ресейлік әріптестерімен тұрақты негізде іс-шаралар өткізуді бастап, бірлескен тәжірбелік іс-қимылдарды пысықтап жатқанын атап өткім келеді.

Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомстволары екі елдің министрлері бекіткен екіжақты жоспарларға сәйкес өзара іс-әрекеттестік орнатқан. Сондай-ақ біздің әскери ынтымақтастығымыз басқа да бағдарламалық құжаттарға сүйенеді.

Қорғаныс ведомстволары басшыларының, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастық аясында жетекшілік ететін қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде құрылған қорғаныс кеңес беру институттарының тұрақты кездесулері маңызды рөл онайды.

- 2015 жылғы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт аясында Ресейден Қазақстанға қандай қару-жарақ жеткізілді?

- Бұл шарт жаңартылған қару-жарақты Ресей армиясы үшін бекітілген баға мен жиынтық бойынша Қазақстанға жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып Ресейден Су-30СМ жойғыштарын, Ми-171Ш және Ми-35 әскери-көлік және соғыс тікұшақтарын жеңілдікпен сатып алды. С-300 зениттік-зымыран кешендерін тегін алды.

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанСу-30СМ
Коронавирус кедергі емес: Қазақстан әскери ынтымақтастықты қалай нығайтып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Су-30СМ

- ТМД-мен ынтымақтастық аясында қандай оқу-жаттығулар өткізу жоспарда бар?

-Биылғы жылдың  тамыз бен қыркүйек айларында Қазақстандағы (Сарышаған) және Ресейдегі (Ашулук) полигондарда соғыс кезіндегі оқ атумен «Жауынгерлік достастық» әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Бұл оқу-жаттығу екі жылда бір рет өтеді.

- Өткен жылы ШЫҰ аясындағы "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуы өтпейй қалғаны белгілі...

- ШЫҰ-ның "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өтеді. 2020 жылы аталған оқу-жаттығу Ресей аумағында өтуі тиіс еді. Дегенмен оның уақыты 2021 жылға ауыстырылды. Айтпақшы, 24-26 ақпанда Орынборда оқу-жаттығуды ұйымдастыру және оған дайындық бойынша алғашқы штабтық келіссөздер өтті.

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер

- 2018 жылы қазан айының соңында 120 әскери қызметшіден құралған бітімгерлер ротасын Үнді бөлімшесінің құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына жөнелтті. Келесі ротация қай уақытқа жоспарланып отыр?

- Қазақстандық әскерилердің 2018 жылдан бастап БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына қатысуы тарихи қадам болды және бұл миссия Қазақстанның әскери қызметшілеріне маңызды дағды мен тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

2021 жылы Үнді тарапымен қол жеткізген келісімге сәйкес 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстан әскери контингенттің Ливандағы БҰҰ-ның миссиясындағы бесінші ротациясы өтеді. Біз Қазақстан бітімгершілік контингентінің Үнді батальонының құрамына Ливандағы миссияға қатысу тәжірибесін жалғастыруды көздеп отырмыз. Бұл бағытта үнді тарапымен тиісті келіссөздер жүргізілуде.

- Бүкіл әлем бойынша БҰҰ-ның 14 миссиясы жұмыс істейді. Қазақстан Қарулы Күштердің бақылаушылары мен бөлімшелері бағытының ауқымын кеңейту жоспарлап отыр ма?

- Иә, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мұндай ұсыныстар дайындалып жатыр. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанның сыртқы саяси мақсаттарын ескере отырып, БҰҰ-ның миссияларына жіберілетін болады. Бұл ретте қазақстандық әскери қызметшілер қайда бағытталатыны нақты миссияларға қажеттілікті ескере отырып БҰҰ-мен келісім бойынша айқындалатын болады.

НАТО-мен ынтымақтастық

- 1994 жылы НАТО-ның Солтүстік Атлантикалық альянстың құрамына кірмейтін Орталық Азия елдерімен әскери ынтымақтастық бағдарламасы басталды. Қазақстанға бұл не үшін қажет?

- "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасы – бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу, бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды жүргізуде тәжірибе алмасу арқылы ұлттық бітімгершілік әлеуетті дамыту құралы.

Жыл сайын америкалық, ағылшын, қырғыз және тәжік әскери қызметшілерінің қатысуымен "Дала қыраны" бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді. Біз бұл іс-шараны бітімгерлерді халықаралық операцияларға қатысуға дайындаудың маңызды және ажырамас элементі ретінде қарастырамыз.

2019 жылы оқу-жаттығу Қазақстандағы "Іле" полигонында өтті. Бұл шара 2020 жылға да жоспарланған болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты өтпеді де, 2021 жылға ауыстырылды. Оқу-жаттығулар Қазақстанда өтеді.

- Қазақстан Қарулы Күштері АҚШ-пен қандай бағытта ынтымақтастық орнатқан?

– Бітімгерлік дайындық, әскери білім мен даярлық, сәйкес оқу-жаттығу орталықтары мен мекемелердің әлеуетін нығайту басымдыққа ие. "Қазбат" бітімгершілік бөлімшесін "Хаммер" әскери жол талғамайтын көліктерімен қамтамасыз ету, "Хьюи" көп нысанды тікұшақтарын жеткізу, радиостанцияларн және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың нәтижесі деп атауға болады.

Бітімгерлерді даярлау оқу-жаттығу орталығын, "Жағалау" инженерлік даярлау оқу-жаттығу орталықтарын және әскери медицина орталығын жаңарту және дамыту бойынша жобалар сәтті іске асырылуда.

медицина қызметкерлері, инженерлер, әскери полиция және басқа бөлімшелерді жөнелту арқылы Қарулы Күштердің бітімгершілік операцияларға қатысуын кеңейту бойынша жоспарларды ескерсек, осы салалардағы өзара іс-әрекеттердің маңызы артып жатыр.

- Соңғы жылдары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әскери ынтымақтастықта айтарлықтай серпін бар. БАӘ біздің елге қандай көмек көрсетіп жатыр?

- БАӘ тарапы жауынгерлік әлеуетті дамытуға және Қазақстан армиясын жарақтандыруға ұдайы жәрдемдесіп келеді. Мысалы, бұл мемлекет Қазақстанға автокөлік техникасы мен әскери мүлікті тегін ұсынды.

Әскери білім беру саласында өзара іс-әрекеттер реттеліп жатыр. 2020 жылдың күзінен бастап БАӘ әскерилері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілі курсын оқып жатыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның қорғаныс аясында басқа елдермен ынтымақтастығының бірқатар маңызды жобалары туралы айтуға болады. Мәселен, Түркия, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Франция, Италия, Германия. Соңғы уақытта Израиль, Корея, Жапония, Катармен өзара іс-қимыл күшейе түсті. Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен де байланыстарды нығайтуға, Түрікменстанмен қарым-қатынас орнатуға да аса зор мән береміз.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Жаңалықтар
0