23:51 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2853 0 0

Амандық Баталовтың пікірінше, Сапарбаевтың жерге түскен Елтаңбаны көмекшісіне алдырғаны дұрыс болмаған. Ол өзі көтеруі керек еді, дейді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есептік кездесуде жерге түсіп кеткен Елтаңбаны көтермеген Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаевтың әрекеті туралы не ойлайтынын айтты.

Баталов өз пікірін "Азаттық рухы" порталына берген сұқбатында білдірді.

Журналистің "есептік кездесу кезінде Елтаңба құлап қалса, әкім не істеуі керек?" деген сұрағына:

"Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев – Sputnik) менің досым, үлкен азамат. Мен оны былай жасамады, былай жасады деп айтпаймын. Енді сондай жағдай болды. Әркімнің реакциясы әртүрлі. Мен, мысалы, қаншама зат құлайды, өзім волейболшымын ғой, құлатпай қағып алар ма едім, бәлкім. Түсінесің бе? Әрине, мынаны ал деген дұрыс емес. Ол өзі көтеруі керек еді", - деді әкім әріптесінің әрекеті жайлы.

Бірақ, Баталовтың айтуынша, осы үшін облыс әкімін сөз қылып, оның қызметіне баға беруге болмайды.

"Ол керемет адам, нағыз патриот. Мен оны білемін. Елбасы қиын жағдайларда қай жерге жіберген жоқ?! Барды да, күн-түн демей, өз-өзін аямай жұмыс істеп жүрді... Мен оның керемет жүрегін, керемет патриот, керемет адамгершілігін өте жақсы білемін", - деп түйіндеді сөзін Алматы облысының әкімі.

Елтаңба құлаған сәт

Келеңсіз оқиға 19 ақпан күні Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде болды. Жиын онлайн форматта өткен еді.

Бердібек Сапарбаев сөйлеп тұрғанда тосын оқиға болды – видео

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сөйлеп тұрғанда мінберге бекітілген Елтаңба жерге түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.

Тақырып бойынша

Даниал Ахметов шкафтың есігін ашып жатқан кезде күтпеген жағдай болды – видео
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, елтаңба
Загрузка...

Басты тақырып