Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевВакцинация от коронавируса в Казахстане
Вакцинация от коронавируса в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Пандемия басталғалы Қазақстанда 214 089 адамда коронавирус анықталды, 2 772 науқас қайтыс болды

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 8 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Сонымен қатар өткен тәулікте 658 адамнан коронавирус анықталды, 13 адам пневмонияға шалдықты.

2 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 694 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 360 пациент стационарда, 15 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 250 адамның жағдайы ауыр, 48 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 44 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 214 089 адамнан коронавирус анықталды, 2 772 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 49 307 адам пневмонияға шалдықты. 628 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0