Қоғам

Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

© Sputnik / Елена БережнаяТермометр
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Оптимистік және шынайы сценарий бойынша, жаппай вакциналаудың нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды ескеріп, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.

"Вакциналаудың қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. Оптимистік және шынайы болжамға сәйкес, жаппай вакциналау, маска режимі, сондай-ақ, әлеуметтік арақашықтықты сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болады", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министр өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет екенін айтты.

Ведомствоның ақпаратынша, Е-gov mobile "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарлануда. Бұл вакциналау көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі.

Тағы оқыңыз: Министр келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Жалпы, Цойдың айтуынша, 2022 жылға дейін республикада шамамен 6 миллион қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина егіледі. Қазір азаматтарға ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынып жатыр.

Ал сәуір айында отандық "QazCovid-in" вакцинасын қолдану жоспарланған.

Жаңалықтар
0