Қоғам

Министрлік коронавирусқа қатысты статистика жариялады

© REUTERS / ANTON VAGANOVПроизводство вакцины от коронавируса
Производство вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 631 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 137
  • Алматы қаласы - 105
  • Шымкент қаласы - 12
  • Ақмола облысы - 70
  • Ақтөбе облысы - 12
  • Алматы облысы - 64
  • Атырау облысы - 39
  • Шығыс Қазақстан облысы - 48
  • Жамбыл облысы - 20
  • Батыс Қазақстан облысы - 66
  • Қарағанды облысы - 40
  • Қостанай облысы - 64
  • Қызылорда облысы - 6
  • Маңғыстау облысы - 5
  • Павлодар облысы - 79
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30
  • Түркістан облысы - 9

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 212 018.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі.  

7 күн бойы "жасыл аймақта" тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі:

цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы 30%-ке дейін;

спорттық іс-шараларды өткізуге (30%-ке дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ке дейін, 50 адамнан артық емес).

7 күн бойы "сары аймақта" болған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жаңалықтар
0