19:38 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2590 0 0

Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік қызмет саласында  заңды тұлғаның мүддесін қорғағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың қамауға алынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізіліп жатыр. Ол заңды тұлғаның құрылтайшыларынан букмекерлік қызмет саласындағы мүддені қорғағаны және жалпы қамқорлық жасағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен пара алушы мен пара беруші қамауға алынды", - деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Оқи отырыңыз: Полицейлер парамен ұсталды – видео 

Бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ өз дереккөзіне сілтеме жасап, Сәкен Мұсайбековтың сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, деп түсіндірді ведомство.

Тақырып бойынша

Өскеменде қылмыс жасаған үш полицейге сот үкімі шықты
Алматы облысында әкім ұсталды
Батыс Қазақстанда басқарма басшысының не себепті ұсталғаны анықталды
Қарағанды облысында судья ұсталды
Қазақстандықтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер ұсталды
Кілт сөздер:
вице-министр, пара
Загрузка...

Басты тақырып