19:34 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
533 0 0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен үш компания - Jusan Invest, Halyk global Market пен BCCInvest сенімгерлік басқару туралы келісімшартты рәсімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатныйдың айтуынша, басқарушы компания зейнетақы активтерінен кірістің түсетініне кепілдік бере алмайды. Алайда ол нормативтік кірістің мөлшерінен төмен болса, компания өз қаражаты есебінен салымшының ақшасын өтеп беруге міндетті.

Бүгінде агенттіктің талаптарына алты компания сай келеді. Ал осы уақытқа дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен үш компания - Jusan Invest, Halyk global Market пен BCCInvest сенімгерлік басқару туралы келісімшартты рәсімдеді.

"БЖЗҚ-ның ақпараты бойынша 2021 жылдың 24 ақпанына қорға зейнетақы жинағының бір бөлігін басқарушы компанияларға аударуға 99 өтініш келіп түсті.  Жалпы сома 257 миллион теңгеден асып отыр", - деді Камчатный орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Ережеге сәйкес, салымшыға басқарушы компанияның қызметі ұнамаса, бір жылдың ішінде ақшаны басқа компанияның басқаруына беруге болады. Ұлттық банкке де қайтаруға мүмкіндік бар. Бірақ оны тек екі жылдан кейін ғана жасауға болады. Себебі инвестициялық кірістің бар-жоғы осы уақыттың ішінде анықталады.

Ал бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Гүлчехра Талқамбаева сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын алуға қатысты бастаманы іске асыру жайында айтты.

"Жалпы, біз осы бастамаға оң көзқараспен қараймыз. Себебі басқару кезінде зейнетақы жинақтарының өзі сақталады және болашақта зейнетақы төлемдерін беру үшін қолданылады. Ал инвестициялық табыстың бір бөлігін немесе барлығын зейнет жасқа дейін алуға болады деп ойлаймыз. Сондай бір тетік болуы керек. Қазіргі кезде агенттік осы ұсынысты құзіретті мемлекеттік органдармен бірге қарап жатыр", - дейді Талқамбаева.

Айта кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарушы компаниялармен келісімшартқа отырғаннан кейін салымшылардың мүддесіне өкілдік етеді. Ал басқарушы компания инвестициялаудың стратегиясын анықтайды.

Бұған дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру аясында қаржы құралдарының тізімі де жарияланған болатын. Олар:

  • Қазақстанның және шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
  • қазақстандық немесе шетелдік ұйымдар шығарған үлестік және қарыздық мемлекеттік емес бағалы қағаздар;
  • Қазақстанның екінші деңгейлі банктер мен резидент емес банктердегі салымдар.

Тақырып бойынша

Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?
Әртістер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы: не істеймін оны
"Әр теңге пайда әкелуге тиіс": Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы айтты
Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Кілт сөздер:
инвестиция, зейнетақы жинағы
Загрузка...

Басты тақырып