Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Сонымен қатар Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамнан коронавирус табылды, 74 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 3 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

25 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 342 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 538 науқас стационарда, 15 804 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі 

240 науқастың жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды. 46 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 795 адамнан коронавирус анықталды, 74 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 210 357 адамнан коронавирус анықталды, 2 721 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 49 121 адам пневмонияға шалдықты, 619 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0