Қоғам

"Айналайын, Мансұр!": Тоқаевтың хаты жарияланды

© Photo : Официальный сайт президента РКГлава государства Касым-Жомарт Токаев провел совещание с руководящим составом Генеральной прокуратуры
Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел совещание с руководящим составом Генеральной прокуратуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Павлодар облысында тұратын бесінші сынып оқушысы президентке хат жазып, күтпеген жерден оған жауап алды

НҰ-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын.

© Photo : Акимат Павлодарской области / Валерий БугаевТоқаев Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді
Айналайын, Мансұр!: Тоқаевтың хаты жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Тоқаев Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді

Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оқып берді.

"Айналайын, Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегіңді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, отанымызға адал қызмет ететініңе кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр", - деп жазылған хатта.

Қазақстан президенті сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

Жаңалықтар
0