18:58 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
660 0 0

Павлодар облысында жүзден астам қазақстандық азамат кезекті қаржы пирамидасының құрбанына айналды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасының белгісі бар "Лидер Капитал 168" ХҚҰ" ЖШС-нің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Компанияның Павлодар облысында құрылғанына бір жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар жүзден аса адамды мекеменің алаяқтық жүйесіне тартып үлгерген. Ол азаматтарды салым сомасының 10%-і түрінде ай сайынғы табыс көруге сендіріп баққан.

Қазіргі кезде ұйымның әрекетінен зардап шеккен басқа да тұлғалар анықталып жатыр. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы жағдайға байланысты қаржы мониторингі агенттігі "Лидер Капитал 168" ХҚҰ ЖШС жұмысына күдік, күмән немесе арыз, шағым болса 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Айта кетейік, Қазақстан аумағында халықтан ақша тартумен екінші деңгейлі банктер мен ресми лицензия негізінде жұмыс істейтін ұлттық пошта операторлары ғана айналыса алады.

Тақырып бойынша

Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
Қаржы пирамидасы: тағы бір күдікті Ресейде қолға түсті  
Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады
Қаржы пирамидасы: белгілері мен қорғану тәсілдері
Кілт сөздер:
алаяқтық, қаржы пирамидалары
Загрузка...

Басты тақырып