НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 11 адам, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық министрлігі.
Өткен тәулікте 753 адамда COVID-19 және 56 адамда пневмония анықталды.
24 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-ден 20 387 адам ем қабылдап жатыр (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-). Стационарда – 4 574 науқас, амбулаторлық емделуде – 15 813 адам.
КВИ+ және КВИ-:
- ауыр жағдайда - 236 пациент,
- аса ауыр хәлде – 55 пациент;
- өкпені жасанды желдету аппатарына 47 науқас қосылған.
- Пандемия басталғалы коронавирустан 2 718 адам, пневмониядан 615 науқас көз жұмды.