17:28 02 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.90
  • EUR503.07
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2403 0 0

Президент мемлекет отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретінін атап өтіп, контент сапасын арттыру қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек, Тоқаевқа жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.

Тағы оқыңыз: Президент мемлекеттік тілді білетін азаматтарға үндеу жасады

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылды.

Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

Кілт сөздер:
БАҚ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып