11:55 28 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.01
  • EUR493.75
  • RUB6.05
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4151 0 0

Дәрі қобдишаларын сатып алуға қажетті ақша Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінеді, медициналық қобдишалар БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Коронавирустың таралуын төмендету үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы таратылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі хабарлады.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу деңгейін төмендету мақсатында осы жылдың маусымына дейін табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 145 мың медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы тегін жеткізіледі", - делінген ведомство сайтында.

Жиынтық құрамына термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар мен стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Министрлік ақпаратынша, дәрі қобдишаларын сатып алуға қажетті ақша Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінеді. Дәрі қобдишалары БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы сатып алынады.

Дәрі қобдишаларын тұрмысы төмен отбасыларға қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жеткізеді.

"Бұл шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", - деді министрліктен.

Еске салсақ, мемлекет басшысы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында табысы аз отбасыларды дәрі-дәрмекпен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Кілт сөздер:
дәрі, атаулы әлеуметтік көмек, отбасы
Загрузка...

Басты тақырып