11:32 10 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (813)
90 0 0

QR-төлемдерді енгізу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың кезек күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік баж салығын QR-код арқылы төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейтті.

Ведомство ақпараты бойынша, енді қазақстандықтар барлық мемлекеттік қызметтердің ақысын смартфон көмегімен төлей алады.

Мысалы, жер телімдеріне арналған актілерді әзірлеу мен беру, жылжымайтын мүлік немесе кондоминиум нысандары құқығын тіркеу, жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін QR-код арқылы төлем жасауға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар пандемия кезінде кезек түзілуін мейлінше азайту үшін әрі вирус жұқтыру қаупін төмендететін және клиенттер үшін қолайлы болатын процестерді автоматтандыруға тырысып жатқанын айтады.

"Мемлекеттік қызметтердің ақысын QR-код арқылы төлеу жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды. Осы уақыт ішінде халыққа қызмет көрсететін барлық 339 орталыққа QR-төлем жасайтын жабдық орнаттық", – деді басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Енді ХҚКО-ға келген азаматтар кассаға кезек күтпей-ақ, мемлекеттік қызмет ақысын Homebank немесе Kaspi.kz қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.

QR арқылы төлем жасау үшін клиент қандай да бір қызметке тапсырыс беру кезінде менеджерден төлемге арналған QR түзуді сұрауы керек. Осылайша, ол бір минуттың ішінде смартфон арқылы төлем жасай алады.

Оқи отырыңыз: Ақша жоғалып кетуі мүмкін – маман QR-код қаупі туралы айтты

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (813)

Тақырып бойынша

Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Енді смартфон арқылы кредит алу мүмкін болады
Вакцина салдырған қазақстандықтарға QR-код беріледі
Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
ХҚКО, карантин
Загрузка...

Басты тақырып