Қоғам

Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті

© Sputnik / Абзал КалиевБанк карталары
Банк карталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 2022 жылы әлеуметтік төлем алатын азаматтар үшін цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдан бастап ұлттық тауар өткізу жүйесімен одан әрі ықпалдастыра отырып, әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарлануда", – деді Досаев үкімет отырысында.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін барынша цифрландыруды тапсырған еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдегендей, әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама болады.

Оның артықшылығы – әлеуметтік әмияны бар адамдар банктерге жүгінбейді. Ұлттық банк жүйесінде әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы шот ашылады. Осы шотқа 44 әлеуметтік төлем проактивті түрде аударылады деп көзделген.

Цифрлық әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктер, салық органдары немесе коллекторлық фирмалардан қорғалған.

Оқи отырыңыз: Банкке барудың қажеті жоқ: министр әлеуметтік әмиянның артықшылығын атады

Сондай-ақ, әлеуметтік әмиянмен тауар сатып алуға болады. Әлеуметтік әмияндағы ақшаны банк картасына аударуға және сол арқылы қолма-қол ақша ретінде шешіп алуға да мүмкіндік бар.

Жаңалықтар
0