Қоғам

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы іске қосылады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуКөпқабатты тұрғын үй
Көпқабатты тұрғын үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін "Отбасы банктің" өкілеттіктері күшейтіледі.

"Бұл механизмде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасасатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады", – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 АЕК (Нұр-Сұлтан қаласы үшін – 31 АЕК) мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр.

Оқи отырыңыз: Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов азаматтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0