13:50 03 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD420.65
  • EUR505.03
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4864 0 0

Бұған дейін жеңілдігі бар немесе мектеп оқушыларына арналған көлік картасын 500 теңгеге қайта шығаруға болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жеңілдігі бар немесе мектеп оқушыларына арналған Transcard көлік карталарын қайта шығару бағасы екі есеге қымбаттайды.

"2021 жылдың 1 наурызынан бастап жеңілдетілген және мектеп оқушыларына арналған Transcard көлік карталарын қайта ресімдеу құны 1 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, олардың алғашқы шығарылымының бағасы 500 теңге деңгейінде қалады", – деп хабарлады CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Бұрын жеңілдігі бар немесе мектеп оқушыларына арналған көлік картасын 500 теңгеге қайта рәсімдеуге болатын еді.

CTS компаниясының өкілдері енгізіліп жатқан өзгеріс валюта бағамының өсуі мен жеткізушілерден сатып алу құнының, операциялық және күрделі шығындардың қымбаттауымен байланысты деп түсіндіреді.

"Атап айтқанда, NXP чипіне орнатылған Mifare Plus EV1 стандартындағы контактісіз микропроцессорлық смарт-карталарды сатып алу бағасы өсті. Сондай-ақ, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсету шығындары да қымбаттады", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS-пен төлеу қызметі тоқтатылады – CTS түсініктеме берді

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап пайдаланушылар жеңілдетілген немесе мектеп оқушыларына арнап шығарылған 8 416 көлік картасын сатып алды. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 59 732 болса, 2019 жылы 88 108 картаны құраған.

Жалпы 2021 жылдың ақпан айында қала бойынша жолаушылар ағыны тәулігіне 489 мыңға жетті. Олардың ішінде орта есеппен күніне 40 мың мектеп валидациясы, 85 мың жеңілдік валидациясы жасалды.

Тақырып бойынша

"Ол күнді ұмытпаймын": бақылаушылар автобуста болған қызықты оқиғаларды айтып берді
Жеңілдік иелеріне көлік картасын алуға қосымша уақыт берілді
Кондуктор неге мүгедектен жолақысын талап етті: Астана LRT өкілі жауап берді
Шымкентте 10 қазаннан бастап көлік картасы сатылымға шығарылады
Енді кезек күтпейсіз: қазақстандықтарға тегін ID-карта беріледі
Нұр-Сұлтанда мыңдаған оқушының көлік картасына 40 мың теңгеден аударылады
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жеңілдік иелері, қоғамдық көлік
Загрузка...

Басты тақырып