Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Қазақстанда өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Оның алдында бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды.

22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Тағы 700-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылды 

242 адамның жағдайы ауыр, 53 адам аса ауыр жағдайда жатыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 699 адамнан коронавирус анықталды, 13 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 208 117 адамнан коронавирус анықталды, 2 699 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 48 983 адам пневмонияға шалдықты, 612 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0