Қоғам

Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды

© Sputnik / Абзал КалиевВице-министр Ажар Гиният получает вакцину от коронавируса
Вице-министр Ажар Гиният получает вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Бүгін, 22 ақпанда республикада коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салу науқаны басталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрлер "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын елордадағы №6 қалалық емхана базасында салдырды.

Қиясов та, Ғиният та вакцинаның бірінші дозасынан кейінгі жағдайы жақсы екенін айтты.  

Бұл жолы министрлік санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық мекемеге журналистерді шақырған жоқ. Шенеуніктерге вакцина егу республикалық "Хабар 24" телеарнасында тікелей трансляция арқылы көрсетілді. 

© Photo : Минздрав Казахстана/facebookДенсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакцинаның екінші дозасын алды
Бас санитар дәрігер мен вице-министр Спутник V вакцинасының екінші дозасын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакцинаның екінші дозасын алды

Екінші дозаны алғаннан кейін вице-министрлер журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

"Өзімізді жақсы сезінеміз, ешқандай жанама әсері байқалып отырған жоқ", - деді Ажар Ғиният.

Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда "Спутник V" вакцинасының бірінші дозасын 19 мыңнан астам адам алған. 22 ақпаннан бастап медициналық мекемелерде вакцинаның екінші дозасы егіледі.

"Қазіргі таңда Қазақстанның 20 мыңға жуық азаматы бірінші дозаны алды. Олардың арасында әзірге COVID-19 жұқтырғандар жоқ", - деді Қиясов.

Сондай-ақ, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны үлкен қызы да салдыратынын атап өтті. Айтуынша, қазір ол кезегін күтіп жүр.

"Отбасы мүшелерінің ішінде тек үлкен қызым ғана вакцина алатындардың тобында, ол жоғары оқу орнының студенті. Вакцина салдыруға жазылып та қойды. Кезегі келгенде алады, әрине", - деді Қиясов.

Оқи отырыңыз: Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады 

Айта кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады: бірінші дозадан кейін 21 күн өткен соң, екіншісі егіледі.

Вакцинаның бірінші дозасы вице-министрлерге 1 ақпанда дәл осы қалалық емхана базасында егілген еді.

2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда халыққа ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталды. "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы елге 22 мың доза көлемінде жеткізіліп, бүкіл өңірлерге жеткізілген еді.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін алты миллионға жуық адамға вакцина салуды жоспарлап отыр.

2021 жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина Қазақстан аумағында тіркелді.

Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған: ақпанда – 90 мың доза, наурызда – 150 мың доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.

Жаңалықтар
0