Қоғам

Қазақстанда 22 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : посольство Казахстана в РФВоссозданный памятник казахскому акыну Жамбылу Жабаеву в павильоне "Казахстан" на ВДНХ
Воссозданный памятник казахскому акыну Жамбылу Жабаеву в павильоне Казахстан на ВДНХ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22-23 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

22 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 – Сотталғандармен тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыруға арналған брифинг өтеді. Спикер: қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы Бибігүл Мұңайтпасова.

Алматы

12.00 – "Кибербуллинг мемлекеттің негіздерін қалай бұзады" деген тақырыпта баспасөз конференциясы. Кибербуллингпен күрес - Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленген негізгі басымдықтардың бірі. Азаматтардың Интернеттегі қудалаудан қорғалмағандығы бүгінде ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде қарастырылып отыр.  

Қатысушылар: Янчук Надежда Эдуардовна, "Ар-Бедел" қорының кибербуллингтің кез келген көрінісімен күресу қоры сот тәжірибесінің жетекшісі, Демеубаев Қымбат Серікбекұлы, заңгер және Жүсіпов Айдынбек Шораұлы, "Terminalex" ЖШС бас директоры.

Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын ала аккредиттеу арқылы). Аккредиттеу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

19.00 - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған концерт (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

23 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Вечер балета в двух отделениях". 65 жастан асқан тұрғындарға шектеу қойылған ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – Мұғалім" қойылымы (Ғабит Мүсірепова атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – Ballet Globe халықаралық би фестивалі.

23-24 ақпан - Ballet Globe фестивалі "Кармен-сюита" спектаклімен ашылады.

19.00 – "Последний экзамен" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

19.00 – "Мужской характер" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0