Қоғам

Байқоңырда екі жасөспірім іздестіріліп жатыр

CC0 / StockSnap / Терезе алдында отырған адам
Терезе алдында отырған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
Қала жастары хабарсыз кеткен балаларды іздеу үшін еріктілер тобын құрып, таңғы сегізден бастап аулалар мен қуыс-қалтарыстарды, гараждарды аралап жүр

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Байқоңырда сегіз жасар Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анасты іздестіру жалғасуда. Олар кеше күндізгі сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған. 

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

"Қатты алаңдағандықтан, біз түні бойы ұйықтамай іздеуді жалғастырдық", – деді дереккөз Sputnik Қазақстанға.

Балалардың қайда кетуі мүмкін екендігі әлі де беймәлім күйде қалып отыр. Алайда, интернетте олардың "Орион" бассейні ғимаратынан екі жүз метрдей қашықта ағып жатқан Сырдария өзеніне қарай бара жатқанын көргендер туралы ақпарат пайда болды. Еріктілер мен полицейлер және төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қосылып, өзен жағалауын қарап шықты.

"Біз саябақтан бассейнге дейін жағалау бойымен жүрдік. Мұнда іздеуге көмектескен көптеген адамдар болды", – деп жазады еріктілердің бірі әлеуметтік желіде.

Байқоңыр қаласының тұрғындары әлеуметтік желілердегі жазбалар арқылы полициядан қаланың әр ықшамауданында үйме-үй жүруді ұйымдастырып, барлық келушілерді тексеруді талап етуде.

Оқи отырыңыз: "Ол жылап жіберді": Полицей иен далада жоғалған баланы қалай тапқанын айтып берді

Сондай-ақ, қала жастары жоғалған балаларды іздеу үшін еріктілер тобын құрып, таңертеңгі сегізден бастап аулалар мен қуыс-қалтарыстарды, гараждарды аралап жүр.

Жаңалықтар
0