Қоғам

Синоптиктер жексенбі ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевХан-Шатыр
Хан-Шатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Қалың тұман мен қарлы боранға байланысты Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 21 қаңтар, жексенбі күні республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, қар мен бұрқасын және тұман түседі деп болжайды.

Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын жүріп, тұман түседі.

Жамбыл облысында қаптап түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғып, бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ойысады.

Ақмола облысында күн райы бұрқасынды болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында да тұман түседі деп болжануда.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Өзге өңірлердегі ауа-райы

Республиканың басым бөлігінде синоптиктер тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын жүреді деп болжайды.

Мегаполистердегі ауа-райы

  • Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы: минус 18-20 градус, күндіз: 14-16 градус аяз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
  • Алматыда жауын-шашынды. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, ал күндіз 2-4 градус болады.
  • Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде минус 1-3 градус, күндіз плюс 7-9 градус болады.
Жаңалықтар
0