12:42 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
125 0 0

1 ақпаннан бері Алматыда 1 715 медицина қызметкерлеріне вакцина егілді. Келесі аптадан бастап вакциналаудың екінші кезеңі басталады

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Алматыда үш дәрігер вакцина салдырудан бас тартты. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 1 ақпаннан бері Алматыда 1 715 медицина қызметкерлеріне вакцина егілді. Келесі аптадан бастап вакциналаудың екінші кезеңі басталады.

"Медициналық көрсеткіштер бойынша 55 медицина қызметкеріне вакцина салынбады, вакцина салдырудан 3 медицина қызметкері бас тартты. Ол үш адам қорқып немесе басқа себептен бас тартқан жоқ. Қазақстанда вакциналау ерікті түрде жүргізіліп жатыр. Егер адам вакцина салдыруға дайын болмаса, бас тартуға құқығы бар", - деді Мырзағали.

Айта кетейік, Қазақстанда бірінші ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары топтарға кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Спутник V вакцинасын әзірлеуге қатысқан қазақ жайлы не білеміз
Бірнеше мемлекет қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытты – Цой
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Алматыда депутаттар вакцина салдырды – фото
Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?
Кілт сөздер:
вакцина, медицина, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып