Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКБыли продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления
Были продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Өткен тәулікте тоғыз адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Өткен тәулікте 9 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Сонымен қатар бір күнде 901 адамнан коронавирус анықталды, 60 адам пневмонияға шалдықты.

19 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 573 адам короновирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 4 891 пациент стационарда, 16 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 43 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.  41 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда тағы 900-ден астам адам коронавирус жұқтырды 

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 205 825 адам коронавирус жұқтырды, 2 683 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 48 887 адам пневмонияға шалдықты, 605 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0