Қоғам

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар қалай өтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВоздушные шары у монумента "Байтерек", архивное фото
Воздушные шары у монумента Байтерек, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Іс-шаралар ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталады

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің кеңейтілген отырысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы мерекелеу кезінде қарбалас пен ысырапшылдыққа жол бермеу керек екенін, әрбір іс-шара елге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты мерекелеуге идеологиялық тұрғыдан келуіміз керек, мерейтойлық іс-шараларды мәдениет, архив, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытуға бағытталады", - деді мәдениет министрі.

Айтуынша, іс-шаралар ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, 2021 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Түркітілдес елдердің Саммитін өткізу жоспарланған.

Ал наурызда алғыс айту күніне орай медицина қызметкерлеріне, ұстаздарға алғыс секілді ауқымды акция басталып, әрі қарай Наурыз мейрамы жалғасады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ұлттық домбыра күні, Елорда күні, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған жыл бойы салтанатты шаралармен қатар мерекеленеді.

Жаңалықтар
0