Қоғам

Өзбекстанға қайта алмай жүрген ер адам полицейлерді көріп қуанып кетті – видео

© AFP 2024 / Kirill KUDRYAVTSEVАвтомобиль дорожной полиции Казахстана у здания у одного из отелей в Астане
Автомобиль дорожной полиции Казахстана у здания у одного из отелей в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Қазақстанда заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматы анықталды, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жөнелтілді

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Алматыда Өзбекстаннан келген 25 азамат анықталып, Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қаласы көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, олар сот шешімі бойынша Қазақстаннан өз бетінше шығуы тиіс болған. Алайда олар сот үкімін елемей, Қазақстанда заңсыз жүрген.

Алматыда 15-19 ақпан аралығында "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Жедел-алдын алу шарасының үш күнінде көші-қон қызметі қызметкерлері елімізде заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматын анықтады, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жіберілді. Сондай-ақ, Өзбекстан консулдығымен бірге олардың арасындағы жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар құжаттандырылды", - деді Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Манас Әбуов.

Өз еліне жіберілген азаматтар арасында бұрыннан қайтуды жоспарлап жүргендер де бар.

"Мен Түрксіб ауданында тұрдым. Жұмысқа емес, қонаққа келдім. Екі жыл бұрын елден шығару туралы шешім қабылданған. Мен бір қызбен бірге тұрдым, ол менің құжаттарымды алып алды. Дәл қазір маған сертификат берілді, үйге қайтып бара жатырмын, бұған өте қуаныштымын", - деді 34 жастағы Ильнур Ахметжанов.

Айта кетейік, "Келімсек" шарасының мақсаты – бұрын сот шешімімен елден шығарылған шетелдіктердің қайда екенін анықтау және олардың өз Отанына оралуын қамтамасыз ету.

Жаңалықтар
0