Қоғам

БЖЗҚ жалған хабарлама таратылып жатқанын ескертті

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры телефон арқылы жеке деректер мен банк картасының деректерін сұрамайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар жалған ақпарат таратып жатқанын хабарлады.  

"Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеу керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды", - делінген хабарламада.

БЖЗҚ мұндай спам-хабарламаның Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы таралғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

БЖЗҚ телефон арқылы жеке деректер мен банк картасының деректерін сұрамайтынын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма? 

Сондай-ақ, қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеруді сұрайды.

Жаңалықтар
0