Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 10 адам коронавирустан көз жұмды

© AFP 2024 / MOHD RASFANМедицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Қазіргі кезде коронавирусты инфекция жұқтырған және COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырып жатқан 255 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты инфекциядан қайтыс болғандарға қатысты мәліметті жариялады.

Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирусты инфекциядан он адам көз жұмған.

Бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырған 869 адам және коронавирус елгілері бар пневмониямен 61 адам тіркелген.

Қазақстанда барлығы 204 924 адамда коронавирус (КВИ+) анықталса, 48 827 қазақстандықта коронавирус белгілері бар пневмония (КВИ-) тіркелген.

18 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 994 адам (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 4 900 пациент стационарда, 17 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады

Жалпы, коронавирус жұқтырғандар ішінде 225 науқастың жағдайы ауыр болса, 40 емделушінің жағдайы аса ауыр. 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0