Қоғам

Мәжіліс депутаттары ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы
Здание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Ескі банкноттар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл 1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталды. Ал 3 наурызда 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады.

Депутаттың айтуынша, ескі банкноттар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталды.

"Ақ жол" фракциясына өтініш білдірген азаматтардың айтуынша, карантин мен жүріп-тұрудағы шектеулерге байланысты көптеген тұрғынның банкноттарды уақытылы айырбастауға мүмкіндігі болмаған. Облыс орталықтары мен алыстағы ауылдардың ара қашықтығын ескерсек, жол құны айырбастайтын сомадан да асып кетуі мүмкін", - деді Жұмабаева Ұлттық банктің төрағасына жолдаған депутаттық сауалында.

Ұлттық банктің ақпаратынша, банкноттарды ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі банкноттар Қазақстанда қабылдануға, айырбастауға жатпайды және заңды төлем құралы болып саналмайды. Бұл шешім тәуелсіздіктің бір белгісі болып табылатын ұлттық валюта – теңгемізге елдің сенімін жоғалтады. Қазіргі кезде адамдардың қолында адал еңбегімен жиналған әр жылғы ескі теңгелер бар, деп жалғастырды депутат.

Осыған байланысты мәжілісмендер көрсетілген номиналдағы банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартуды, сонымен қатар Ұлттық банктің филиалы жоқ елді мекендерде банкноттарды екінші деңгейлі банктерде айырбастау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, олар Ұлттық банк филиалдарында айналымнан шыққан барлық банкнотты айырбастау уақытын шектемеу қажет деп есептейді.

Жаңалықтар
0