Қоғам

"Күнделік" жүйесінің бұзылғаны рас па

© Sputnik / Владислав ВодневКүнделік жүйесі
Күнделік жүйесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Ведомство логин мен құпия сөзді бөгде адамдарға беруге немесе ашық қалдыруға болмайтынын тағы бір мәрте ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. "Күнделік" жүйесінің бұзылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінен мәлімдеді.

Ешқандай шабуыл жоқ, пайдаланушылардың деректері толығымен қорғалған, деді  "Күнделік" ЖШС директоры Мұхтар Ілиясов.

"Электронды жүйеде деректермен жұмыс істеу кезінде жеке ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Логин мен құпия сөзді бөгде адамдарға беруге немесе ашық түрде қалдыруға болмайды. Мұндай жағдайда аккаунттар бұғатталып, келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, бүгін қаскүнем аккаунтын ашық қалдырған пайдаланушының атынан жүйеге кіріп, әдепсіз хабарламалар қалдырды. Техникалық қолдау қызметі бұл хабарламаларды өшіріп, профильді бұғаттады", - деді Мұхтар Ілиясов.

Ол "Күнделік" жүйесі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ серверлік орталығының базасында орналасқанын әрі сыртқы шабуылдардан қорғалғанын атап өтті.

Айтуынша, жүйені ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметі тұрақты бақылап отырады. Кез-келген сыртқы шабуыл қадағаланады.

Тағы оқыңыз: Сенат депутаты онлайн оқыту проблемасын көтерді

Бұған дейін Қазақстанның білім беру платформаларына DDoS-шабуыл жасалған еді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

Шабуыл kundelik.kz пен bilimland.kz жүйелеріне бағытталған. Алайда, мамандардың айтуынша, бұл интернет ресурстардың қызмет көрсетуіне кедергі болған жоқ.

Талдау барысында DDoS-шабуылдар көптеген IP-адрестан жасалғаны анықталды, басым бөлігі – шетелдік интернет сегментінен.

Жаңалықтар
0